Орталық туралы

Мекеме атауы: Шымкент қаласы білім басқармасының «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Меншік түрі: мемлекеттік.

Алға қойған міндеті: Мектепке дейінгі балалардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып  тұлғалық  түзету мен комплексті жағдай жасауда оқыту мен тәрбиелеу тәсілін және әдісін шыңдау.

Жалпы педагогтар саны: 56

Білімі: жоғары – 53; орта арнаулы – 3

Балалар саны – 160

Топтар саны – 11

  • кемістігі бар - 6 топ;
  • нашар еститін – 1 топ;
  • қимыл қозғалысы бұзылған -  4 топ.

Облыстық оңалту орталығының ашылған уақыты: Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы  №47 қаулысының негізінде Шымкент қаласының «Оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі болып  құрылған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 5 шілдедегі №410 қаулысының негізінде облыстық коммуналдық меншікке қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып мемлекеттік қайта тіркеуден өткен.

Оңалту орталығы ғимаратының құрылыс ауданы - 1057,8 шаршы метр, жалпы алаңы – 2065,9 шаршы метр, негізгі алаңы – 1312,5 шаршы метр, екі қабатты, күйдірген кірпіштен 1975 жылы салынған. Спорт залы мен акт залы бар.

Жобалық қуаты: - 150 орын,

Мемлекеттік лицензия: 2004 ж. 27 желтоқсан, сериясы АА, №0016060

Фотогалерея
15.jpg
13.jpg
14.jpg
12.jpg
10.jpg