Медициналық кеңсе
Медицина кабинетінде оқшаулау және ем қабылдау бөлмелері бар. Балалар дәрігері, невропатолог дәрігер, медбике, диетбике қызметкерлері жұмыс жасайды;. Дәрігерлер балалардың физиологиялық дамуын (бойын, салмағын өлшеп) қадағалап тұрады, күнделікті жалпы тексеруден өткізіп, қажетті жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Емдәмбике бала организімінің өсуіне қажетті азық-түліктерден он күндік ас мәзірін жасап, дұрыс тамақтануына жауап береді. Бір балаға күндігіне 3 реттік ас беріледі.